Kaspi Bank 2024 жыл қорытындысы бойынша жай және артықшылықты акцияларға дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім 2025 жылғы 22 желтоқсанда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында бекітілген.
Банк таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, бір акцияға есептелетін дивиденд мөлшері – 4100 теңге. Дивиденд төлеу 2025 жылғы 22 желтоқсаннан басталады.
Дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 19 желтоқсандағы жағдай бойынша қалыптасады. Төлемдер акционерлердің жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап 90 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Kaspi биыл да бірнеше рет дивиденд төлеген болатын. Қыркүйектің аяғында банк Kaspi Bank 2024 жылдың қорытындысы бойынша акционерлеріне 4 900 теңге көлемінде дивиденд төлейтінін хабарлады.
Ал 2024 жылдың ішінде акционерлер 1070 теңге және 2 000 теңге алды. 2023 жылы банк төрт рет дивиденд бөлді: 3 450, 6 150, 4 000 және 1 800 теңгеден. Яғни, Kaspi акционерлері үшін дивиденд саясаты тұрақты түрде сақталып келеді.
2023 жылы дивидендтік төлемдер бұдан да ауқымды болды. Сол жылы акционерлерге 200 млрд теңгеден астам қаражат берілді. Төлемдер наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларында бірнеше кезеңмен жүзеге асқан. Дивидендтердің негізгі алушысы — Kaspi Group (бақылаушы пакет), сондай-ақ негізгі акционерлер Михаил Ломтадзе мен Вячеслав Ким болды.