BCC Invest Kaspi акцияларының 44% қымбаттайтынын болжады. Брокер компанияның III тоқсан бойынша қаржылық есебі жарияланғаннан кейін бағалауын жаңартты.
Болжамда көрсетілген мақсатты баға – 57 955 теңге (тамызда 57 922 болған); ағымдағы бағадан өсім әлеуеті 44%, ұсыныс өзгеріссіз – «Сатып алу».
Сарапшылардың айтуынша, сыртқы жағымсыз факторларға – смартфон жеткізілімдеріндегі үзілістеріне, базалық мөлшерлеменің өсуіне, салық жүктемесінің артуына қарамастан, компания мықты позициясын сақтап отыр. Олар қаңтар–қыркүйек айларындағы кірістің жақсы өсімін (+61% жылдық) және таза пайданың 9% ұлғаюын атап өткен.
Еске салайық, Freedom Broker Kaspi акцияларының 27% өседі деп болжаған еді. 2025 жылдың басынан бері Kaspi акциялары NASDAQ биржасында шамамен 25%, ал KASE-де 29% жоғалтты.
Kaspi.kz үшінші тоқсан нәтижелерін жариялады. Таза пайда жылдық мәнде 12% өсіп, 307 млрд теңгеге жетті, ал тоғыз айда өсім 14% болып, 842 млрд теңгені құрады. Негізгі өсімге төлемдер мен финтех бағыттары үлес қосты, ал маркетплейс сегменті смартфон тапшылығы мен салықтық факторлар әсерінен баяулаған.