Мемлекеттік кіріс комитеті жыл басынан бері қай сектордың қанша салық төлегенін хабарлады.

Салық төлеу көрсеткіші бойынша ең қатты зардап шеккен сала тау-кен өнеркәсібі. Бұл сала 2020 жылдың алғашқы төрт айында бюджетке 430,5 млрд теңге салық төлеген. Көрсеткіш былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 25,5 пайыз азайды.

Көтерме және бөлшек сауда саласы төрт айда бюджетке төлеген салығы 7,4 пайыз азайып, 40,6 млрд теңгені құрады. Ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтегі бизнестің қазынаға аударған салығы 14,6 пайыз азайып, 24,6 млрд теңге болды.

Алайда, кей салалар керісінше карантин уақытында өркендеген. Мысалы, құрылыс саласы жыл басынан бергі төрт айда қазынаға 28 млрд теңге төледі. Бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен 16,3 пайыз арық.

Сонымен қатар білім саласындағы бизнестің де табысы артып, қазынаға 16,7 млрд теңге аударған. Көрсеткіш 40,8 пайыз көбейіп отыр.

Қаржы және сақтандыру саласының да бюджетке төлеген салығы былтырғыдан 7,4 көбейіп, 15,3 млрд теңгеге жетті.

Айта кетейік, сәл ертеректе мемлекеттік кіріс комитеті республикалық бюджетке түсімнің 300 млрд теңгеге азаятынын болжаған еді.