Жыл басынан бері майнерлерден 4,8 млрд теңге салық жиналды

Жыл басынан бері майнерлерден 4,8 млрд теңге салық жиналды

Қазақстанда цифрлық майнингтен түсетін салық көлемі биыл айтарлықтай артты. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында бюджетке 4,8 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43% көп (2024 жылы – 3,4 млрд теңге).

Астана көш бастап тұр

Майнинг салығының басым бөлігі елордада қалыптасып отыр. Астана: 4,1 млрд теңге (+64% ж/ж, 2024 жылы – 2,5 млрд тг). Алматы: 174,3 млн теңге – көлем аз болғанымен, өсім қарқыны ерекше: бір жылда 9 есеге жуық артқан. Бұл деректер майнинг нарығының өңірлік құрылымында Астананың негізгі ойыншыға айналғанын көрсетеді.

Салықтың негізгі көздері

Майнингтен түсетін түсім бірнеше бағыттан құралады: электр энергиясына төлем, қосылған құн салығы (ҚҚС), корпоративтік табыс салығы (КТС), — бұлар дата-орталықтар мен жеке майнерлерден алынады.