Бір жылда (2025 жылғы қарашадан 2024 жылғы қарашаға дейін) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 15,5%, қайталама нарықта пәтерлерді қайта сату бағалары 14,3% жоғарылады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 11,9% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үйдің бағасы жылдық мәнде келесі қалаларда едәуір қымбаттады: Алматы – 19,9%, Павлодар – 19,6%, Қонаев – 17,5%, Астана – 17,4%. Қайталама нарықта баға өсімі Алматы (23%), Ақтөбе (19,4%), Павлодар (17,5%) қалаларында байқаласа, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Павлодар (36,9%), Ақтөбе (34,3%), Петропавл (25,6%), Қызылорда (19,7%), Өскемен (18,9%) және Астана қалаларында (17,7%) тіркелді.