hh.kz командасы «Ұстаз, оқытушы, педагог» мамандығына («Ғылым, білім» кәсіби саласының құрамына кіреді) қатысты 2025 жылдың басынан қыркүйек айының ортасына дейінгі кезеңді қамтитын еңбек нарығының талдауын дайындады. Зерттеуде ізденушілер мен жұмыс берушілердің деректері жиналып, медианалық жалақы мен бәсекелестік деңгейі сарапталды. Мұндай тәсіл білім беру саласы мамандары үшін еңбек нарығының қазіргі жағдайын бағалауға және бүгінгі саланы қалыптастырып отырған негізгі процестерді түсінуге мүмкіндік береді.
2025 жылдың басынан қыркүйек айының ортасына дейін hh.kz платформасында «Ұстаз, оқытушы, педагог» мамандығы бойынша ізденушілер белсенділігінің аздап төмендеуі байқалды. Түйіндеме саны 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4% азайды, бұл саладағы жұмыс іздеуге деген сақтықты білдіруі мүмкін. Соған қарамастан медианалық күтілетін жалақы 247 453 теңгеден 250 377 теңгеге дейін өсіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,2% жоғарылады.
2025 жылдың басынан қыркүйектің ортасына дейін «Ұстаз, оқытушы, педагог» саласы бойынша ең көп түйіндеме Алматыда орналастырылды – үлесі 34,1%, өсім 3%. Сондай-ақ Астанада (28,5%, өсім жоқ) және Шымкентте (7,5%, төмендеу 16%) белсенділік айтарлықтай байқалады.
Басқа қалалардан Қарағанды (3,0%, -7%), Ақтөбе(2,9%, -8%) және Атырау (2,4%, -6%) ерекшеленеді. Ақтау (2,1%, +2%) және Таразда (2,0%, -5%) қалыпты динамика тіркелді. Павлодар (1,9%, -1%) мен Оралда (1,9%, -3%) белсенділік салыстырмалы түрде тұрақты.
2025 жылдың басынан қыркүйектің ортасына дейін hh.kz платформасында «Ұстаз, оқытушы, педагог» мамандығы бойынша жұмыс берушілер белсенділігінің артқаны байқалады. Вакансиялар саны 2024 жылмен салыстырғанда 7,7% өсті. Бұл білім беру саласы мамандарына сұраныстың артып отырғанын көрсетеді. Сонымен қатар медианалық ұсынылған жалақы 240 622 теңгеден 250 877 теңгеге дейін өсіп, өткен жылмен салыстырғанда 4,3% жоғарылады. 2025 жылдың басынан қыркүйекке дейін «Ұстаз, оқытушы, педагог» саласы бойынша ең көп вакансия Алматыда жарияланды – үлесі 42,8%, өсім 7%. Сондай-ақ Астанада (33,8%, өсім 15%) және Шымкентте (4,1%, төмендеу 3%) айтарлықтай белсенділік байқалады.
Басқа қалалар арасында Қарағанды (3,1%, +1%), Атырау (2,5%, +5%), Павлодар (1,6%, +9%) және Тараз (1,1%, +34%) оң динамика көрсетуде. Ал Ақтөбе (2,1%, -8%) мен Ақтауда (1,4%, -19%) жұмыс берушілер белсенділігінің төмендеуі тіркелді. Оралда (1,1%, +1%) жағдай салыстырмалы түрде тұрақты.
2025 жылдың қаңтарынан қыркүйек айының ортасына дейін білім беру саласындағы бәсекелестік индексі 5,9 деңгейінде тіркелді. Бұл 2024 жылғы көрсеткішпен (6,5) салыстырғанда 9,2% төмен. Мұндай көрсеткіш еңбек нарығындағы жұмыс орындары үшін орташа деңгейдегі бәсекелестікті және жұмыс берушілермен ізденушілер арасындағы теңгерімді көрсетеді: бір вакансияға орта есеппен алты үміткерден келеді. Жұмыс берушілер үшін бұл – кандидаттарды орташа таңдаумен, бос орынды уақтылы жабу мүмкіндігі. Ал ізденушілер тарапынан мамандыққа қызығушылықтың сақталуы білікті мұғалімдерге сұраныстың әлі де жоғары екенін көрсетеді.