2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Жаңа заң бойынша мүлікке, жер учаскелеріне салық салуда және экологиялық төлемдерде бірқатар өзгеріс қарастырылған.

Көлік құралдарына салынатын салық

Жеңіл автомобильдерге салық есептеу кезінде төмендету коэффициенттері енгізіледі:

  • 0,7 – пайдалану мерзімі 10 жылдан 20 жылға дейінгі автокөліктен үшін;
  • 0,5 – 20 жылдан асқан автомобильдер үшін.

Осы коэффициенттерді ескергендегі салық 2026 жыл үшін есептеліп, 2027 жылы төленеді.

Қазақстанда 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін өндірілген немесе әкелінген, қозғалтқыш көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын жеңіл автокөліктен үшін мөлшерлеме алынып тасталады.

Шаруа (фермер) қожалықтары басқа жеңілдіктерге қосымша, әрбір қожалыққа бір пикап-автокөлік үшін салық төлеуден босатылады.

Көлік құралдарының санаттарын көлік түріне байланысты (пикаптар, джиптер, лимузиндер, фургондар) анықтау туралы норма жойылды. Көлік құралдары санаттарының анықтамасы нақтыланды – енді жіктеу шанақ түрі (пикап, джип, лимузин, фургон) бойынша емес, тіркеу куәлігінде көрсетілген санат (А, В, С, D) бойынша жүргізіледі.

Салық есептілігін жеңілдету

Көлік құралдарына салынатын салық және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ұсыну міндеттемесі (салық есептілігі) алынып тасталады.

2026 жылдан бастап салық төлеушілер тек жылдық декларацияны ұсынады және салықты жыл қорытындысы бойынша бір рет төлейді.

Егер мүлік салығының жылдық сомасы 1 млн теңгеден аспаса, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ұсыну міндеттемесі де алынып тасталады. Егер мұндай сома 1 млн теңгеден аз болса, салық төлеуші де тек декларацияны ұсынып, төлемді жыл қорытындысы бойынша жүргізеді.

Жер салығы және жер төлемі бойынша өзгерістер

Елдімекендердің шекарасы өзгерген кезде, оның аумағына енген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылса, жер салығы ауыл шаруашылығы жерлеріне арналған мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия негізінде берілген жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемесі жоғарылатылды.

Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мөлшерлеме 2 есе ұлғайтылды.

Экологиялық төлемдер

Мыналар үшін төлем мөлшерлемелері ұлғайтылды:

  • Стационарлық көздерден шығарылатын ластаушы заттардың атмосфераға шығарындылары және суға төгінділері;
  • Өмірді қамтамасыз ету объектілерін қоспағанда, бірінші санаттағы объектілердің өндіріс және тұтыну қалдықтарын көмуі.

Жаңа заңда нені алып тастады?

Салық кодексінен мыналар алынып тасталды:

  • Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлем
  • Мемлекеттік баждың 7 түрі
  • Алымдардың 6 түрі