Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартуды ұсынады.

«Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы литріне 205 теңге, Ресей Федерациясында 288 теңге, Қырғызстанда 385 теңге, Өзбекстанда 489 теңгені құрайды. Қазақстанда дизель отыны литріне 295 теңге, Ресей Федерациясында 355 теңге, Қырғызстанда 427 теңге, Өзбекстанда 528 теңге тұрады.

Осыған байланысты Энергетика министрлігі баға белгілеудің тұрақты моделі саясатына көшуде. Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы нарықтық теңгерімді құруға, отын тапшылығын жоюға, мұнай өңдеу саласын жаңғыртуды ынталандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуға бағытталған.

Бұл саясаттың негізгі принциптері кез келген өзгерістердің тегістігі мен болжамдылығы. Азаматтардың мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жалғасады, ал ауыл шаруашылығы өндірушілері ашық схемалар мен қолайлы бағалар бойынша дизель отынына кепілді қол жеткізе алады.

Энергетика министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп нарықтағы бақылауды күшейтеді, заңнаманың орындалуын және отынның ішкі нарыққа үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді», — дейді Энергетика министрлігі.

Сонымен қатар, министрлік ақпаннан бастап автогазды 20%-ға дейін қымбаттатуды жоспарлап отыр.