2025 жылдың басына қарай Қазақстандағы таратылып жатқан банктердің Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры алдындағы қарызы 116,3 млрд теңгені құрады. Оның 68,7 млрд теңгесі қайтарылып, жалпы берешектің 59,1%-ы ғана өтелді. Яғни, банктердің шамамен 48 млрд теңге қарызы әлі жабылған жоқ.
«Қор таратылған банктердің салымшыларына кепілдендірілген өтемақы төледі. Сол себепті салымшылар өз қаражатын қайтарып алды, ал енді бұл банктердің берешегі Қордың алдындағы міндеттемеге айналды. 2024 жылы ғана жабылып жатқан банктер 4,39 млрд теңге қайтарды. Бұл қаражатты 9 банктің 6-ы төлеген», – делінген хабарламада.
Екінші және үшінші кезектегі міндеттемелер бойынша төлемдер мынадай болды:
- Астана Банкі – 2,9 млрд теңге;
- AsiaCredit Bank – 1,2 млрд теңге;
- Qazaq Banki – 206,7 млн теңге;
- Валют-Транзит Банк – 55 млн теңге.
Сонымен қатар әлі де өтелмеген қарызы бар:
- Валют-Транзит Банк – 7,5 млрд теңге (58,7% өтелген),
- Qazaq Banki – 14,8 млрд теңге (28% өтелген),
- Астана Банкі – 10 млрд теңге (73,4% өтелген),
- AsiaCredit Bank – 14,3 млрд теңге (24,5% өтелген).
Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Казинвестбанк және Capital Bank Kazakhstan кепілдендірілген депозиттер бойынша қарыздарын толық жапқан. Дегенмен олар Қорға төленетін 8-кезектегі міндеттемелерді – резервтік жарналарды – әлі өтеуге тиіс.