ITS-тің шариғаттық индекс динамикасын бақылайтын жаңа ITS Shariah қорының (тикері: ITSS) акцияларына арналған сауда көлемі 2025 жылдың 14-17 қаңтары аралығындағы алғашқы 4 сауда күнінде дерлік 0,4 млн АҚШ долларын құрады, ал ETF акциялары осы кезеңде 2,3% өсті.

«ITSS-те ETF іске қосылғаннан кейінгі алғашқы аптада-ақ ол айтарлықтай өсу көрсетіп, жақсы деңгейдегі өтімділікті қамтамасыз етті және нарық қатысушыларының сенімін нығайтты. Сауда нәтижелері исламдық қаржы құралдарының қор нарығында сұранысқа ие екенін растады», — деді ITS сауда алаңының бас директоры Шыңғыс Қанапьянов.

ITSS акциялары 2024 жылы халықаралық компаниялардың 30 акциясын қамтитын ITS Shariah индексі дивидендтерді есепке алғанда АҚШ долларымен 19,3% жалпы кіріс әкелген кездегі көрсетілген өсу тенденциясын жалғастырды.

«Біз ITSS қорының акцияларына арналған сауда көлемінің жаңа қатысушылар қосылған сайын өсуін жалғастыра беретінін және осы құралдың өтімділігіі нарық жағдайына қарамастан маркет-мейкинг механизмдері арқылы ең жоғары деңгейде сақтала беретінін күтеміз», — деп атап өтті Қанапьянов.