2025 жылдың қыркүйегінде ITS халықаралық сауда алаңындағы бағалы қағаздар саудасының көлемі 1,07 млрд долларды құрады (тамыз айында 1,26 млрд доллар). Негізгі сауда-саттық режиміндегі орташа күндік көлемі 48,5 млн долларға жетті, деп хабарлайды ITS биржасының баспасөз қызметі

Өткен айда бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер саны 237 мыңнан астам болса, қыркүйекте – 245 мың.

Қыркүйек айында бағалы қағаздары инвесторлардың ең көп қызығушылығын туғызған компаниялар мен ETF:

  • Tesla Inc. (TSLA),
  • Direxion Daily Semiconductor Bear 3X Shares (SOXS),
  • NVIDIA Corporation (NVDA),
  • MARA Holdings Inc. (MARA),
  • Lululemon Athletica (LULU),
  • Intel Corporation (INTC),
  • Freedom Holding Corp. (FRHC),
  • CoreWeave Inc. (CRVW),
  • 2x Bitcoin Strategy ETF (BITX).

Қыркүйек айының соңында ITS алаңындағы инвесторлар үшін бастапқы листингі Американың NYSE және NASDAQ биржаларында, сондай-ақ Қазақстанның AIX биржасында жасалған АҚШ, Еуропа мен Азия компанияларының 3000-нан астам акциясы, депозитарлық қолхаттары және ETF қолжетімді болды.

3 қыркүйекте ITS АҚШ-тың жетекші жеті компаниясының (Amazon, Tesla, Netflix, AMD, MicroStrategy, Coinbase және Freedom Holding) акцияларына арнап жаңа құрал – Single Stock ETF іске қосты. Бұл қорлар инвесторларға қымбат тұратын акциялардың бөлшек бөліктерін небары бірнеше доллардан немесе тіпті центтен бастап сатып алуға мүмкіндік береді. Жаңа өнім тез арада қатысушылардың назарын аударды: Single Stock ETF бойынша айналым ұлғайып жатыр, бұл инвесторлардың портфельді әртараптандыру және өтімді бағалы қағаздармен жұмыс жасау үшін қолжетімді құралдарға деген қызығушылығын растайды.

2024 жылдан бастап ITS алаңының өзінің есеп айырысу және клиринг инфрақұрылымы бар. Оның құрамына Central Securities Depository Limited (ITS орталық депозитарийі) кіреді, ол бағалы қағаздарды сақтау және онымен есеп айырысу бойынша депозитарлық қызмет көрсетеді. Депозитарий АҚШ салық қызметінен Ұстап тұратын білікті делдал (Qualified Intermediary, WQI) мәртебесін алды.

Central Counterparty (ITS орталық контрагенті) клирингке қатысушылардың барлық міндеттемелері бойынша тарап болып табылады және ITS сауда алаңында жасалатын мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асырады.