Инвесторлар фастфудты неліктен жақсы көреді?

Инвесторлар фастфудты неліктен жақсы көреді?

Күн сайын миллиондаған адам бургер, пицца немесе фри картобын сатып алады. Бірақ дүние жүзіндегі миллиондаған инвестор үшін бұл жай ғана тамақ емес, олар ақша салатын бизнес екеніне екінің бірі бас қатыра бермейді. Мейрамханалар желісінің акциялары неліктен ондаған жылдар өтсе де танымал болып қала береді?

Фастфуд – бұл жай ғана тамақ емес, жаһандық бизнес

Жылдам тамақтану индустриясы баяғыда-ақ әлемдік экономиканың ең ауқымды сегменттерінің біріне айналды. Сарапшылардың болжамы бойынша, АҚШ-тың фастфуд нарығы 2025 жылғы 374,8 млрд доллардан 2026 жылы 390,1 млрд долларға дейін өседі. Бұл ретте өсім келушілер санының артуынан емес, көбіне орташа чектің жоғарылауы есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл цифрлардың артында миллиондаған келушілер, мыңдаған жаңа мейрамханалар және үнемі өсіп отыратын сұраныс тұр. Тұтынушылардың әдеттері өзгергеніне қарамастан, адамдар бургерлерді, фри картобын және басқа да жылдам дайындалатын тағамдарды сатып алуды жалғастыруда. Ірі халықаралық желілер үшін дәл осы күнделікті жаппай сұраныс бизнесті дамытудың негізі болып қала береді.

Әлемдік үрдістерге сүйене отырып, Қазақстанның қоғамдық тамақтану нарығы да нық қарқынмен өсіп келеді. Басты қозғаушы күштердің бірі ретінде фастфуд қалып отыр: бүгінде жылдам тамақтану мейрамханалары барлық мекемелердің үштен бірінен азын құрағанына қарамастан, саланың бүкіл айналымының 40-45%-ы дәл осы секторға тиесілі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл сегменттің көлемі шамамен 800 млрд теңгеге бағаланады.

Мобильді қосымшалар, адалдық бағдарламалары, онлайн-тапсырыстар мен цифрлық сервистер енді қосымша артықшылық емес, компанияларға аудиторияны ұстап тұруға және сауданы арттыруға мүмкіндік беретін бизнестің маңызды бөлігіне айналды.

Міне, дәл осы себепті осы сектордағы компаниялардың акциялары көптеген жылдар бойы бүкіл әлемдегі инвесторлардың назарында болып келеді. Кез келген уақытта фастфуд сатып ала отырып, біз осы индустрияның жұмысына қатысамыз. Біздің ақшамыз компаниялардың әрі қарай дамуына көмектеседі.

Айырмашылығы тек мынада: бірі сатып алушы болып қала береді, ал екіншісі бизнестің тең иесіне айналады.

Бұл тек Уолл-стриттегі ірі инвесторларға ғана қатысты оқиға емес екеніне көп болды. Бүгінде инвестициялауды тіпті шағын сомадан, бүтін бір акцияны емес, оның тек бір бөлігін ғына сатып алудан бастауға болады. Мысалы, Yum! Brands акциясы 2026 жылғы 21 шілдедегі жағдай бойынша шамамен 148 доллар тұрды, бұл ретте инвесторға оны толығымен сатып алу міндетті емес – одан да аз сомадан бастауға мүмкіндік бар.

Неліктен инвесторлар осы мейрамхана компанияларын таңдайды?

Көрсеткіштердің инфографикасы компаниялардың аналитикалық деректері негізінде ЖИ көмегімен жасалған

Фастфудқа жұмсалған ақшаның орнына осы компаниялардың бірінің акцияларын жүйелі түрде сатып алып отырғаныңызды елестетіңізші – дивидендтік төлемдер өскен сайын, сіздің инвестициядан түсетін табысыңыз да артуы мүмкін еді. Мүмкін, ертең сіз тағы да өзіңіз жақсы көретін бургерді алуға кірерсіз. Дәл осы сәтте сіз бұл бизнеске алғаш рет басқаша -жай ғана сатып алушы ретінде емес, әлеуетті инвестор ретінде қарауыңыз әбден мүмкін.

Дисклеймер: Freedom Finance Global PLC (АХҚО аясында AFSA берген № AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясы, www.ffin.global). Бағалы қағаздарға инвестиция салу әрдайым капиталды жоғалту қаупімен байланысты. Тәуекелдер туралы толық ақпаратты біздің сайтта қолжетімді Бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентіне 4-қосымшадан таба аласыз. Өткен кезеңдердегі нәтижелер болашақ табыстарға кепілдік бермейді.

Бұл материал тек ақпараттық сипатта болады және инвестициялық ұсыным, қандай да бір қаржылық құралдарды сатып алуға немесе сатуға ұсыныс немесе итермелеу болып табылмайды. Инвестициялар туралы барлық шешімдер дербес қабылданады және инвестор өз әрекеттері үшін толық жауапты болады. Толығырақ ақпарат алу үшін қаржы кеңесшіңізге хабарласыңыз.