Автор: Жания Әбдібек; дизайнер: Айым Жаныбекова

Қазақ халқының дүниетанымында «Жеті қазына» бақыт пен байлықтың көзі ретінде саналады. Заман өзгерсе де, бұл ұғым әлі маңызын жойған жоқ. Қазіргі таңда табысты және қаржылай тәуелсіз болу бұрынғыдан да өзекті. Бақуат өмір сүргісі келетін адам саналы түрде инвестиция жасап, әр тарапты табыс көзін құра білуі тиіс.

Freedom Broker инвесторларға «Қаржының 7 негізі» атты арнайы жоба ұсынады. Аты айтып тұрғандай, бұл жобада қаржылық еркіндікке жетелейтін жеті қаржы құралы бар. Бұл әйгілі «портфель теориясының» авторы Гарри Марковецтің «барлық жұмыртқаны бір себетке салма» деген алтын ережесімен үндеседі.  

«Қаржының 7 негізі» жобасында өсетін активтер, инновациялық компаниялар, дивиденд беретін акциялар, жаһандық әртараптандырылған компаниялар, нақты активтер, тұрақты қағаздар секілді жеті негізгі құрал ұсынылған. Әрбір құралдың техникалық сипаттамасы, тарихи кірістілігі туралы ақпаратты төмендегі  инфографикадан таба аласыз.

Сипаттаманы көру үшін блоктың үстінен басыңыз

Өзіңізге қажет құралды қалай таңдауға болады?

Инвестиция салардан бұрын терең ізденіп, нарықты зерттеп, өз қаржылық жағдайыңыз бен мақсатыңызға сай стратегия жасау керектігін ұмытпаңыз. Соған сай портфель құру үшін активтің қайсына басымдық беретініңізді анықтап алғаныңыз абзал. Тиімді портфельдің алтын ережесі – активтер бір-біріне тәуелді болмауы тиіс. Мысалы, технологиялық акциялардың құны төмендегенде, алтын немесе облигациялар портфельдің негізгі құнын сақтап қалады. Сол себепті әр құралдың «табиғатын» терең түсінген жөн.

Мәселен, өсім драйверлері (SPY, QQQ)  – портфельдің »қозғалтқышы». Олар экономика  өрлеген кезде едәуір пайда әкеледі. Ал, тұрақты активтер (SCHD, VNQ) дивиденд  мен жылжымайтын мүлік активтері нарығындағы «ауа райына» қарамастан, инвесторға тұрақты ақша ағынын (cashflow) қамтамасыз етеді. Қорғалған активтер (GLD, AGG) инфляция мен геосаяси дағдарыс кезінде капиталды құнсызданудан сақтайтын сенімді құрал бола алады.

Инвестор үшін маңызды жайт, инвестиция жасап қана қою жеткіліксіз. Уақыт өте келе бір активтің үлесі өсіп, екіншісінікі азаяды. Мысалы, технологиялық компаниялар (QQQ) қатты өссе, портфельдегі тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан жылына бір рет активтер үлесін бастапқы қалыпқа келтіріп отыру – тәуекелді басқарудың басты құпиясы.

Қорытындылай келе, бай-бақуат өмір сүрудің ең негізгі қағидасы – қаржылық сауат. Инвестициялау – сәттілікке сену емес, математикалық есеп пен стратегияны талап етеді. Ендеше, қор нарығына қаржы салардан бұрын жан жақты ізденіп, қаржылық сауатты көтерген жөн. Қор нарығы құбылмалы екенін ұмытпаңыз. Нарық ешқашан бірқалыпты өспейді. «Қаржының 7 негізі» стратегиясы қысқа мерзімді  емес, ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталған. Бұл эмоционалды шешімдерден қорғайды.

«Қаржының 7 негізі» көмегімен  өз капиталыңыздың іргетасын қалаңыз!

Freedom Finance Global PLC (лицензия AFSA-A-LA-2020-0019, АХҚО аясында AFSA берген, www.ffin.global).  Бағалы қағаздарға инвестициялар әрқашан капиталдың жоғалу қаупімен ұштасады. Тәуекелдер туралы толық ақпаратты компания сайтында  қолжетімді Freedom Finance Global бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентіне 4-қосымшада таба аласыз. Өткен нәтижелер болашақ табыстарға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді.

Бұл материал ақпараттық сипатта ғана және қандай да бір қаржы құралдарын сатып алуға немесе сатуға инвестициялық ұсыныс, ұсыным немесе ынталандыру болып табылмайды. Инвестициялар туралы барлық шешімдер дербес қабылданады және инвестор өзінің іс-әрекеттері үшін толық жауапты болады. Толық ақпарат алу үшін қаржы кеңесшіңізге хабарласыңыз.