Алматы өткен XVII медиақұрылтай жетекші редакцияларды, сарапшыларды, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамдық пікір көшбасшыларын жинап, технологиялар, жаңа бизнес-модельдер және цифрлық тәуекелдің өсуі жағдайында қазақстандық медиа нарығы қалай өзгеріп жатқанын талқылады.
Негізгі тақырып: Медианарық тәуекелдері мен мүмкіндіктері
Бірінші пленарлық сессияда сарапшылар ЖИ-дің қарқынды дамуы мен платформалық экономиканың, жаңалық тұтыну моделін түбегейлі өзгерткенін талқылады.
Егер бұрын жарнама бюджетінің басым бөлігі ел ішінде қалса, бүгінде қазақстандық қаражаттың 80%-ға жуығы Google, Meta, TikTok сияқты халықаралық платформаларға кетеді. Бұл жергілікті медиа үшін жай ғана бәсеке емес – бұл өмір үшін күрес.
Сарапшылардың пікірінше, жарнама берушілердің кетуі БАҚ-ты қаржылық тұрғыда әлсіз етеді, ал сыртқы серіктестерді іздеу редакциялық тәуелсіздікке қауіп төндіретін жағдайға жиі айналады.
Мемлекет мәселенің маңызын мойындайды. ҚР Мәдениет және ақпарат министірінің орынбасары Қанат Ысқақов ведомствоның жарнама нарығын дамытуға мүдделі екенін және ең үлкен жарнама беруші болып қалуды мақсат етпейтінін айтты.
Заңнамалық сын-тегеуріндер: сарапшылар пікірі және халықаралық тәжірибе
Конференцияның екінші ірі блогы реттеуге арналды. Спикерлер заңнамалық орта саланың дамуына қалай көмектесе алатынын немесе керісінше шектеу қоя алатынын талқылады.
Құқықтық медиа-орталық өкілі Диана Окремова алаңдаушылық тудыратын трендке назар аударды: сөз бостандығының халықаралық рейтингінде Қазақстан бір сатыға көтерілгенімен, тәуекелдер азайған жоқ. Негізгі факторлар: бақылау мен реттеудің күшеюі; цифрлық қатерлердің өсуі – бұғаттаудан кибершабуылдарға дейін; мемлекеттік тапсырысқа тәуелділіктің артуы (81 млрд теңгеден асып түсті); онлайн-аудиторияның көбеюі және оның назарын ұстап қалу үшін күрестің күшеюі.

Михаил Дорофеев атындағы сыйлық: үздіктерді марапаттау
Дәстүр бойынша медиақұрылтай аясында Михаил Дорофеев атындағы тәуелсіз медиа сыйлық табысталды. 2025 жылғы лауреаттар – Тамара Вааль (vlast.kz) және Сания Тойкен. Олар марапат пен сыйақыны сыйлық серіктесі – Еуразиялық банктен алды.
Сарапшылар кеңесінің өкілдері атап өткендей, лауреаттардың кәсіби шеберлігі мен батылдығы, әсіресе жылдам өзгерістер жағдайында, сала үшін үлгі боларлық стандарт.
Хайп неге жеңеді?
Ең қызу пікірталастардың бірі «Хайп және мемлекет: қоғам назарын бұру саясаты шынымен бар ма?» сессиясында өрбіді. Спикерлер жұлдыздар, ажырасу, көп әйел алу сияқты тақырыптар неліктен тұрақты қызығушылыққа ие болып, маңызды жүйелік мәселелерді ысырып тастайтынын талқылады.
Сарапшылар қоғам жеңіл жаңалықтарға үйренгенін, күрделі талдау мен сыни ойлауды қажет ететін материалдарды ілгерілету журналистерге барған сайын қиын екенін атап өтті.
Медиа саясатқа назар аударғанның өзінде, аудитория бәрібір жеке, тұрмыстық, адами жаңалықтарды талап етеді. Ал екінші жағынан, сессия спикерлерінің пікірінше, отбасылық құндылықтар туралы контент хайп тудыру талпынысы емес, керісінше, аудиторияның назарын маңызды дүниелерге қайтаруға бағытталған әрекет саналады.
Салалық медиа: пайда табу және сапаны сақтау
«Іскерлік-журналистика. Салалық медиа қалай табыс табады?» сессиясы бизнес-модельдер мен монетизацияға арналды.
Сарапшылар, трафиксіз медиа болмайтынын, бірақ тек хайптың соңынан қуу – тығырыққа тірелетінін атап өтті.
Сонымен қатар сарапшысымақтар көбейіп, жалған пікірдің тез таралуы іскерлік медиаға деген сенімді әлсіреткені айтылды.

Цифрлық қауіпсіздік: журналистикаға кибершабуыл қаупі
Internews, MediaNet, Еуразиялық цифрлық қор сарапшылары фишинг, бұзулар, блоктау әрекеттері, қысым көрсету, жалған ақпарат тарату жағдайында редакцияларды қалай қорғау керектігін талқылады.
Басты қорытынды: тұрақтылық – жеке де, ұйым деңгейіндегі де цифрлық гигиенадан басталады.
Тәжірибелік мастер-класстар: инклюзия және тергеу журналистикасы
Медиақұрылтай тәжірибелік сессиялармен аяқталды.
DeFacto MediaHub Қазақстандағы алғашқы инклюзивті медиахабты таныстырды – мұнда медиадан тыс қалып қойған, мүмкіндігі шектеулі жандар журналист әрі жүргізуші ретінде жұмыс істейді.
Журналист Лұқпан Ахмедьяров тергеу жанрында жұмыс істеу және әлеуметтік желілерде сенім қалыптастыру бойынша мастер-класс өткізді.
«Қазақстан медиа нарығы жаңа – анағұрлым күрделі, технологиялық және бәсекелі циклге өтті. Бұл жағдайда ғаламдық платформалармен әділ ережелер орнатып, алгоритмдер мен ЖИ дәуірінде медианың тұрақтылығын және тәуелсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды», – деді Қазақстан Баспасөз-клубының президенті Әсел Қарауылова.
«Қазір бұрынғыдан да маңыздысы – қазақстандық медиа қаржылық жағынан тұрақты, технологиялық тұрғыда қорғалған және редакциялық тәуелсіз болуы үшін тетіктер әзірлеу. Медиа – жай ғана индустрия емес, бұл қоғамдық институт. Жедел технологиялық және геосаяси өзгерістер жағдайында аудитория сенімін және журналистика сапасын арттыру қажет», – деп атап өтті қатысушылар.
Алғыс
«Қазақстан Баспасөз-клубы» Ақпараттық орталығы форумның барлық қатысушыcы мен серіктесіне алғыс білдірді:
Бас серіктес: «Шеврон Мунайгаз Инк.»
Серіктестер: KAZ Minerals тобы, Kusto Group, Astana Motors, Kcell, Geely Kazakhstan, AlmaU Медиа және кино мектебі, Internews Network, Еуразиялық банк, Carlsberg компаниясы.
Ақпараттық серіктестер: Naryk.kz, Stan.kz, Nur.kz, National Business Kazakhstan.
Толық трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады.