- Елімізде, әсіресе шалғай ауылдар үшін аса жылдам әрі қолжетімді ұлттық кеңжолақты желі жасау, сондай-ақ экономика салаларын цифрландыру үшін платформалық шешімдер мен жаңа буынның байланысын енгізуді жылдамдату мақсатында біріге жұмыс істеу;
- Жаңа технологиялар мен шешімдер арқылы Цифрлық жібек жолының коммуникациялық инфрақұрылымын бірігіп дамыту;
- Білім беру қызметі, соның ішінде білім модульдері, АКТ саласындағы таланттарды дамыту бағдарламалары, ғылыми кеңес пен мамандарды оқыту бойынша тәжірибе алмасу;
- Компания тәжірибесі негізінде Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту бойынша зерттеулерді бірге жүргізу.
HUAWEI Қазақстан экономикасына цифрландыруға платформасы ұсынады
Қазақстандағы технологиялар, бизнес және креативті экономикаға арналған Digital bridge халықаралық форумы аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) мен HUAWEI арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды министрлік.
Бұл құжат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша серіктестікке, соның ішінде экономика саласын цифрландыру үрдісін күшейтуге, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және еліміздің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған.
Меморандум мынадай бағыттарды қамтиды: