2025 жылы 3 қараша Home Credit Bank акционерлерінің жалпы жиналысы өтедіКүн тәртібінде екі маңызды мәселе бар — басқарма құрамының өзгеруі және банктің атауын қайта тіркеу.

Жиналыс материалдарына сәйкес, акционерлер Директорлар кеңесінің жаңа құрамын бекітуді және Home Credit Bank атауын өзгертуді талқылайды.

Бұл шешімдер банктің иелік құрылымындағы өзгерістерге және жаңа брендке өтуге байланысты болуы ықтимал.

Мұндай қадамдар әдетте меншік иесінің ауысуының соңғы кезеңін білдіреді. Яғни, банк сату мәмілесін аяқтауға жақындаған.

Айта кетсек, 23 қыркүйекте ForteBank Home Credit Bank-тің ірі акционерлерінің қатарына қосылды. Өзгеріс 18 қыркүйекте тіркелген. Одан бұрын PPF Group N.V. басшысы және Home Credit Bank ірі акционері, чех кәсіпкері Иржи Шмейц Қазақстандағы банктің мажоритар иесіне айналғаны хабарланған еді. Сондай-ақ Home Credit Bank сатып алу туралы мәміле аяқталғаннан кейін ForteBank-ке қосылатыны 2025 жылғы 29 шілдеде Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған құжатта айтылды.