Халықтың тең жартысында ыстық су мен дұрыс әжетхана жоқ

Халықтың тең жартысында ыстық су мен дұрыс әжетхана жоқ

Қазақстандағы инфрақұрылым деңгейі қызмет түрлеріне қарай әрқилы болып келеді. Сонымен қатар аймақтар мен елді-мекеннің статусына байланысты да инфрақұрылым деңгейі әрқалай. Мәселен, 2020 жылғы мәлімет бойынша республиканың 100%-ы электр қуатымен қамтылған екен. 

Мобильді интернетпен халықтың 86,9%-ы қамтылса, су тартылған үйлер саны 77,4%. 

Қоқыс жинау мен төгу жұмыстары жолға қойылған үйлер саны республикадағы үйлердің 74,3%-ы, ал орталық кәріз жүйесіне үйлердің 55,1%-ы қосылған. Ал орталық кәріз жүйесіне қосылған әжетханасы бар үйлердің саны 53,6%. 

Орталық жылумен қамтылған үйлер 50,9%, табиғи газ желілеріне қосылу көрсеткіші 48,6%. 

Кабельді телевидениеге үйлердің 44,6%-ы қосылса, үйлердің 42%-ы орталық ыстық суды пайдалана алады. 

Сонымен қатар үйлердің 38,7%-ына бекітілген интернет тартылған, 34,4%-на бекітілген телефон байланысы тартылған, 34%-ы спутниктік телевидениемен қамтылған. 

24,3% ғана газбен жылыту жүйесіне қосылса, 23,2%-ы эфирлі телеарна көре алады. 20,3%-да ғана электр пеші бар. 

Бұдан да маңызды мәселелердің бірі, халықтың 4,1%-ы медициналық қызметтерге қол жеткізе алмайды. Оның себебі елді мекеннің шалғайлығы немесе жолдың жоқтығы. Ал балалардың 80,2%-ы ғана балабақшаға бару мүмкіндігі болса, 85,3%-ның ғана мектепте оқи алатын мүмкіндігі бар. 

Интернеттің бәріне қолжетімді екені жасырын емес, бірақ сапасына байланысты сұрақ көп. Қалай дегенде де, үйлердің 99,1%-да интернетке қосылу мүмкіндігі бар. Халықтың 54,7%-да ноутбук бар екен.