2025 жылдың қорытындысы бойынша депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 18,3%, 37,9 трлн теңгеге дейін (2025 жылғы желтоқсанда 7,8% өскен) көбеюіне байланысты 16,3%, 48,0 трлн теңгеге (2025 жылғы желтоқсанда 8,0% өскен) ұлғайды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банк секторының жай-күйі туралы есебінде айтылған.

Шетел валютасындағы депозиттер 9,2%, 10,1 трлн теңгеге дейін (2025 жылғы желтоқсанда 8,8% өскен) артты. Нәтижесінде, долларлану деңгейі төмендеуін жалғастырып, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 21,1%-ды құрады (2025 жылғы 1 қаңтарда – 22,5%).   

Депозиттер құрылымындағы жеке тұлғалардың депозиттері 15,8%, 26,2 трлн теңгеге дейін (2025 жылғы желтоқсанда 6,2% өскен), заңды тұлғалардың депозиттері 16,8%, 21,8 трлн теңгеге дейін (2025 жылғы желтоқсанда 10,2% өскен) ұлғайды.