2025 жылдың II тоқсанында қазақстандықтардың орташа ақшалай табысы 359,6 мың теңгеге жетті (бір жылда +8,9% өсті). Бірақ шығын керісінше қысқарып, 311,2 мың теңгені құрады (–5,8%). Бұл деректерді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жариялады.

Сарапшылардың пікірінше, халықтың нақты табысы 3,2% төмендеген. Сондықтан қазақстандықтар тұтынуды шектеп, қаржыны сақтап қалуға көбірек көңіл бөле бастады.

«Табыстың артуы шығынның азаюымен қатар келсе, бұл – тұрғындардың сақтық танытып, жинақтауға басымдық бергенін білдіреді. Мұндай жағдай жоғары пайыздық мөлшерлеме жағдайында күшейе түседі», – дейді қаржы сарапшылары.