2026 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының негізгі қызмет түрі бойынша көрсеткен қызметтерінің көлемі 1 606 626,7 млн теңгені құрады. Оның ішінде 82,2% бюджет қаражаты есебінен, 16,1% халық қаражаты есебінен (бір айда 86,2 млрд теңге) және 1,7% кәсіпорындар қаражаты есебінен қаржыландырылды.
Қызметтердің ең үлкен көлемі келесі салаларға тиесілі:
- негізгі және жалпы орта білім беру - 899 558,6 млн теңге (жалпы көлемнің 56,0%);
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - 244 317,5 млн теңге (15,2%);
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру - 178 714,7 млн теңге (11,1%).
Қызметтердің ең төмен көлемі мына бағыттарда көрсетілді:
- білім беру саласындағы қосалқы қызметтер - 17 848,6 млн теңге;
- көлік құралдары жүргізушілерін даярлау ұйымдары - 1 245,4 млн теңге;
- орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары - 67,7 млн теңге.