Freedom Bank айыппұлдарды онлайн даулау функциясын қосты. Енді жол ережесін бұзғаны үшін немесе басқа да әкімшілік айыппұлдарды үйден шықпай-ақ даулауға болады — Freedom Bank бұл мүмкіндікті өз қолданбасына (Freedom SuperApp) енгізді. Бұл туралы банктің ресми сайтында айтылған. 

Бұған дейін айыппұлмен келіспей, шағым түсіру үшін не мемлекеттік органдарға бару керек еді, не олардың веб-порталдарына жүгіну қажет болатын. Freedom бұл процесті толықтай цифрландырып, мобильді қолданбаға қосқан Қазақстандағы алғашқы банк болды.

Қызметті қолдану өте оңай: 

  • «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіресіз.
  • «Мемлекеттік төлемдер» → «ЖСН бойынша айыппұлдар» тармағын таңдайсыз.
  • Егер айыппұл болса, деректер автоматты түрде шығады.
  • Әрі қарай шағымның түрін таңдап, мән-жайды жазасыз және қажет болса, дәлел ретінде файлдарды тіркейсіз.
  • Процесс SMS-код пен видеоидентификация арқылы расталады.

Бұл қызмет арқылы жол ережесіне қатысты (жылдамдықты асыру, көлікті дұрыс қоймау) және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды даулауға болады. Қызмет толықтай тегін және тек жеке тұлғаларға қолжетімді.