Қазақстандағы AppStore дүкенінде ең көп жүктелетін тегін қосымша – Freedom SuperApp. Оның жүктелу қарқыны, тіпті, жаһандық ChatGPT мен Google Gemini көрсеткіштерінен асып кеткен. Сонымен қатар Android жүйесіндегі PlayMarket дүкенінде де бұл қосымша ең көп сақталатындардың қатарынан табылып, Max пен Temu-дан кейінгі үшінші орынды алып отыр. Алматыда өткен журналистермен кездесуі аясында Freedom Holding Corp. компаниясының бас директоры Тимур Турлов компанияның жетістіктері мен алдағы жоспарларын бөлісті. Оның айтуынша, Freedom қолданушыларының саны 4 миллионнан асқан.
Қосымша арқылы банктік қызметтерге, түрлі инвестицияларға және цифрлық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуге болады. Бұған қоса, ипотеканы немесе автонесиенi 24 сағат ішінде толық онлайн рәсімдеуге, мультивалюталық картаны бірнеше минутта ашуға және халықаралық аударымдарды бөлімшеге бармай-ақ жасауға мүмкіндік бар. Ал биометриялық сәйкестендіру арқасында кез-келген рәсімдерді жылдам әрі қашықтан орындау ыңғайлы.
Freedom SuperApp қаржылық қызметтермен ғана шектелмейді. Мұнда әуе билеттерін сатып алуға, сақтандыру рәсімдеуге немесе тұрмыстық техника алуға болады. Жасалған сауда үшін Freedom валютасында кешбэк беріледі, ал оның бағамы холдингтің NASDAQ биржасындағы акциямен байланысқан.
Биыл күзде қосымша Freedom Media платформасымен толықты. Енді қолданушылар қосымшаның өзінен түрлі сериал, спорттық трансляция көре алады. Контенттің 70%-ының қазақ тілінде ұсынылуы – компанияның отандық медианы дамытуға бағытталған стратегиясын айқындайды.
БАҚ өкілдерімен кездесуінде Тимур Турлов компанияның ауқымды мақсаттарын атап өтті. Оның сөзінше, Freedom Holding Corp. компаниясының Орталық Азия мен түркі әлемінің төлем жүйелерін біріктіретін бірегей цифрлық инфрақұрылым құруға жоспары бар. Мұндай жүйе өңірде жылдам әрі арзан халықаралық аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, батыстық немесе ресейлік төлем жүйелеріне тәуелділікті азайтпақ.
Бұл стратегияның алғашқы нәтижесі Тәжікстанмен байланысты. Компания аталмыш елде лицензия алып, инфрақұрылымды іске қосып, сервистерді кезең-кезеңімен енгізуді қолға алған.
«Біздің нарықта жинаған тәжірибемізді басқа елдерде пайдаланып жүрміз. Бүгінде Тәжікстанда өнімдерді белсенді түрде енгізіп жатырмыз. Картоматтарды іске қостық. Түрлі цифрлық үдерістерді, интеграцияларды және басқа да бағыттарды қайта қарастырып, жетілдіріп жатырмыз», – деп атап өтті Freedom Holding Corp. компаниясының бас директоры Тимур Турлов.
Компанияның үлкен мақсаттарының бірі – тұтас Орталық Азия өңірін қаржы саласы арқылы байланыстыратындай көпір құру.
«Технологияларды экспорттап, өңірлік желі құруға күш салмақпыз. Ұқсас технологиялық негізі бар цифрлық банк ашып, Орталық Азияның басты байланыс орталығы болғымыз келеді. Ұлттық төлем жүйелерін біріктіріп, бүкіл түркі әлемінде адамдар бір-біріне ақша оңай аудара алатындай жағдай жасауды көздейміз. Мұның бәрі батыс немесе ресей инфрақұрылымына тәуелді болмай жүзеге асса дейміз», – деді Тимур Турлов.
Бұл ретте, Freedom SuperApp-тің AppStore-де көшбасшы орынға шығуы тек нарықтағы жетістік емес, бүкіл өңірдің цифрлық инфрақұрылымын қайта құруға мүмкіндік беретін ірі жобаның бастамасы ретінде бағаланып отыр.