KASE сайтындағы ресми ақпаратқа сәйкес, 23 қыркүйекте ForteBank Home Credit Bank-тің ірі акционерлерінің қатарына қосылды. Өзгеріс 18 қыркүйекте тіркелген. Бұл Forte-ның 100% акция сатып алу жөніндегі маусым айындағы мәлімдемесінің орындала бастағанын көрсетеді.
Мәміленің алғышарттары
27 маусымда ForteBank Home Credit Bank акцияларын толық иелену туралы келісімге қол жеткізгенін жариялаған болатын. Бұған дейін Home Credit акционерлік құрылымы оңтайландырылды: тамыз айының соңында чехиялық бизнесмен Иржи Шмейц бірнеше миноритарийдің үлесін сатып алып, өз үлесін 34,7%-дан 90,1%-ға дейін ұлғайтты. Ал PPF Financial Holdings a.s. қолында 9,9% акция сақталған еді.
Ресми деректер бойынша, Home Credit Bank бір ғана құрылтайшыға тиесілі, алайда нақты иесі көрсетілмейді. Forte-ның қадамынан кейін акционерлік құрамдағы өзгерістер банк секторының бәсекелестік тепе-теңдігіне ықпал етуі мүмкін.
ForteBank бизнесмен Болат Өтемұратовтың бақылауында. 2025 жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша оның үлесі – 91,1%.
Айта кетсек, Home Credit Bank сатып алу туралы мәміле аяқталғаннан кейін ForteBank-ке қосылатыны, бұл туралы 2025 жылғы 29 шілдеде Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған құжатта айтылғаны хабарланған еді. Forte Bank Home Credit Bank (Қазақстан) 100% акциясын сатып алғанын жариялады. Сонымен қатар PPF Group N.V. басшысы және Home Credit Bank ірі акционері, чех кәсіпкері Иржи Шмейц Қазақстандағы банктің мажоритар иесіне айналды. Бұл өзгеріс Булат Өтемұратов бақылауындағы ForteBank-тің осы банкті сатып алу жоспарымен байланысты болуы мүмкін екені айтылды.