FlyArystan сапарды басқаруға арналған iJan ЖИ-ассистентін іске қосты

FlyArystan сапарды басқаруға арналған iJan ЖИ-ассистентін іске қосты

FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайтында iJan AI-чат-ботының іске қосылғанын хабарлайды. Жаңа цифрлық көмекші жолаушыларға саяхат ережелері туралы қажетті ақпаратты тәулік бойы жедел алуға мүмкіндік береді.

iJan цифрлық сервисі әуекомпаниясының брондау жүйесіне біріктірілген. Бұл жолаушыларға стандартты сұрақтар бойынша Байланыс орталығына жүгінбей-ақ, өз брондауы туралы жекелендірілген ақпаратты тікелей чат арқылы алуға мүмкіндік береді.

Саяхатқа қатысты жалпы сұрақтарға жауап берумен қатар, ассистент нақты брондау деректеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді және жолаушыларға тариф шарттары мен сатып алынған қызметтер туралы ақпарат алуға, сондай-ақ билетке өзгеріс енгізу немесе қайтару туралы шешім қабылдаудан бұрын қажетті есеп жүргізуге мүмкіндік береді.

Жаңа iJan ЖИ-ассистенті жолаушыларға:

  • рейстің мәртебесі, онлайн тіркеу және әуежайда тіркеу ережелері туралы ақпарат алуға;

  • қолжүк пен тіркелген жолжүкке қойылатын талаптарды, сондай-ақ әуекомпанияның басқа да ережелерін қоса алғанда, сапар туралы ақпарат алуға;

  • өз брондауы туралы, оның ішінде жолаушы, рейс, тариф және таңдалған қызметтер топтамасы туралы ақпарат алуға;

  • қолданылатын тариф шарттарымен, оның ішінде өзгерту, бас тарту, қайта рәсімдеу және қайтару ережелерімен танысуға;

  • таңдалған рейсті ескере отырып, брондауды өзгерту құнын есептеуге;

  • нақты брондау бойынша қайтарылатын соманы есептеуге;

  • жолаушы және ұшу сегменті бойынша бөлінетін сатып алынған қосымша қызметтерді тексеруге мүмкіндік береді.

Брондаумен жұмыс істеу барасында iJan тиісті ақпаратты көрсетпес бұрын жолаушыдан растау сұрайды, осылайша, деректерді қорғаудың қосымша деңгейін қамтамасыз етеді.

Жолаушы сұрағын еркін форматта қойып, жауапты тікелей чатта ала алады. Қажет болған жағдайда диалогты Байланыс орталығының қызметкеріне ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған.

Қазіргі кезеңде iJan қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жауап береді. Дегенмен чат-бот кез келген тілде сұрауларды түсіне алады. Алдағы уақытта сервистің тілдік мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланған.

ЖИ-чат-ботты іске қосу FlyArystan әуекомпаниясының цифрлық қызмет көрсету арналарын дамыту бағдарламасының бір бөлігі саналады. Жаңа сервис жолаушыларға қажетті ақпаратты тікелей өзі тексеруге және стандартты сұрақтарды шешуге көмектеседі, осылайша, Байланыс орталығының қызметкерлеріне күрделі және стандартты емес өтініштерге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

FlyArystan цифрлық шешімдерді дамытуды жалғастырып, жолаушылардың сапардың барлық кезеңінде өз сапарын жеке басқару мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастырады.