Еуразиялық банктің 2025 жылғы таза пайдасы 16,5 млрд теңгені құрады. Акционерлер Шухрат Ибрагимов пен Патох Шодиев арасында банкті бақылауға алу үшін дау жүріп жатқан тұста, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 83% қысқарды.

700Н нысаны бойынша есепке сәйкес, 2025 жылдың соңында Еуразиялық банк 16,4 млрд теңге мөлшерінде таза пайда алды. 2024 жылдың соңындағы дәл осындай есептің деректері бойынша банктің жылдық таза пайдасы 91 млрд теңгені құраған, яғни биылғыдан 74,6 млрд теңгеге артық (82% жоғары) болған. Қорытынды жылдық есепте банктің 2024 жылғы пайдасы біршама аз — 82,7 млрд теңге деңгейінде бағаланған еді.

Банк пайдасының төмендеуіне қарыздар, берешектер, шоттар және басқа да бағыттар бойынша резервтерді қалыптастыру шығындарының күрт өсуі себеп болды. Олардың көлемі 2025 жылы 41,6% артып, 381 млрд теңгеге жетті (2024 жылы 269 млрд теңге болған).

Клиенттерге несие беру кезіндегі тәуекелдерді жабуға жұмсалған шығындар 100 млрд теңгеден астамға өсіп, операциялық қызметтен түскен табыстың өсімін жауып кетті.