Moody’s халықаралық агенттігінің соңғы деректеріне сәйкес, қазақстандық банктер арасында екі қаржы институтына «негативті» болжам берілген. Олардың бірі Еуразиялық банк (Ва2, болжам – «теріс», 28.08.2025 ж.) болса, екіншісі – BNK Bank (Бизнес және инвестициялық банк «БиЭнКей») (Baa1, болжам – «теріс», 24.06.2025 ж.)
Бұл жағдай аталған банктердің тәуекел деңгейінің салыстырмалы түрде жоғары екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар Moody’s үш банкті оң аймақта қалдырды:
• ForteBank (Ba2, «позитивті», 17.07.2025 ж.)
• Банк ЦентрКредит (Ba1, «позитивті», 12.09.2024 ж.)
• Alatau City Bank (B3, «позитивті», 12.09.2024 ж.)
Қалған ірі банктердің болжамдары негізінен «тұрақты» деңгейде сақталған.
S&P және Fitch бағалары
• Halyk Bank — S&P: BBB- (BB+), тұрақты (23.05.2025); Fitch: BBB-, тұрақты (26.09.2024).
• Bereke Bank — Fitch: B+, тұрақты (22.05.2025).
• ForteBank — S&P: BB, позитивті (28.08.2025).
• Kaspi Bank — S&P: BB-, тұрақты (28.08.2025).
• Citi Kazakhstan — S&P және Fitch: A+, тұрақты (2025 ж. тамыз).
• Шинхан Банк Қазақстан — S&P: A+, тұрақты (26.08.2025); Fitch: A, тұрақты (30.05.2025).
• KMF Bank — Fitch: B+, тұрақты (08.07.2025).
• Нұрбанк, Home Credit Bank, Қазақстандағы Қытай банкі, Қазақстан-Зират Интернешнл банк, Фридом Банк Қазақстан және бірқатар басқа банк рейтингтері де жаңартылып отыр.
Moody’s берген теріс болжам — банк жүйесіндегі тәуекелдердің сақталып отырғанын көрсетеді. Бұл әсіресе капитал жеткіліктілігі, өтімділік және сыртқы нарықтағы құбылмалылыққа байланысты. Екінші жағынан, «позитивті» болжам алған ForteBank пен БЦК сияқты банктердің қаржылық көрсеткіштері мен даму стратегиялары инвесторлар үшін сенімді белгі саналады.