Еуразиялық банк 2024 жылға дивиденд төлемейді

Еуразиялық банк 2024 жылға дивиденд төлемейді

Еуразиялық банк 2024 жыл үшін дивиденд төлемеу жөніндегі өз шешімін растады. Банктің жалғыз акционері дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы KASE сайтында жарияланған құжатта айтылған. 2025 жылдың қаңтарында-ақ банктің мұндай жоспары жоқ екені хабарланған болатын.

«2024 жылғы банктің шоғырландырылмаған пайдасы — 84,9 млрд теңге — акционерлердің шешімімен өткен жылдардағы бөлінбеген пайда құрамына енгізілді. Еуразиялық банктің жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылданды», — делінген хабарламада.