Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді. 

Кеңесте Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы сауданы үш есе арттыруға болатынын айтты.

«Біз Қазақстанмен арадағы ынтымақтастыққа ерекше мән береміз. Бүгінде екі ел арасындағы байланыстар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Осы оң серпінді сауда-саттық, қорғаныс өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм және мәдениет салаларында одан әрі тереңдетуді мақсат етіп отырмыз. Қазақстан – атамекеніміздегі ең ірі сауда серіктесіміз. Сауда айналымын 15 млрд долларға жеткізу үшін жұмысымызды жалғастырамыз», – деді Түркия Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр өзара сауда айналымы 5 млрд доллар болған.