Екі адамның біреуі табысының жартысынан көбіне несие төлейді

Қазақстандықтардың 73%-ының несиесі бар, ал әрбір екінші қарыз алушы табысының жартысынан көбін несиеге жұмсайды, деп жазады Demoscope сарапшылары.

Қазақстандықтардың 73%-ының несиесі бар

Сауалнамаға қатысқандардың 72,7%-ның қолданыстағы несиесі немесе қарызы бар. Оның ішінде 39,7%-да бір ғана несие болса, 33%-ы бірнеше несие төлеп жүр. Ал респонденттердің 27%-ның мүлде несиесі жоқ.

60 жастан асқан азаматтардың 32,8%-да бір несие бар. Бұл банктердің зейнет жасына жақындаған адамдарға да несие беруді жалғастырып отырғанын көрсетеді. Сонымен бірге дәл осы жас тобы ең аз қарызданған саналады: олардың 49,6%-ның несиесі жоқ. Басқа жас топтарында бұл көрсеткіш 15,5%-дан 32%-ға дейін.

Ең көп таралған несие түрлері

Зерттеу бойынша ең кең таралған қаржы өнімі – тұтынушылық несие. Оны қарыз алушылардың 70,4%-ы пайдаланады. Сондай-ақ:

  • 45,7%-да бөліп төлеуі бар;

  • 22,1%-ы туыстарынан, достарынан немесе ломбардтан қарыз алған;

  • 14,4%-ы автонесие төлеп жүр;

  • 13%-ның ипотекасы бар.

Әрбір екінші қарыз алушы табысының жартысынан көбін несиеге жұмсайды

Зерттеу нәтижесі несие жүктемесінің жоғары екенін көрсетті.

  • 46,7% ай сайынғы табысының 50%-дан астамын несие төлеуге жұмсайды;

  • 24,5% табысының 25–50%-ын жұмсайды;

  • 20,3% табысының төрттен бірінен аз бөлігін ғана қарызын өтеуге бағыттайды.

Demoscope деректері Дүниежүзілік банктің шолуымен де сәйкес келеді. Ұйым мәліметінше, 2025 жылдың төртінші тоқсанында үй шаруашылықтарының қарызының жалақыға шаққандағы үлесі 51%-ға жетіп, 2008–2009 жылдардағы қаржы дағдарысы алдындағы ең жоғары деңгейден асты. Сонымен қатар 2020–2025 жылдары халықтың қарызы екі есеге жуық өссе, нақты табысы небәрі 15% артқан.

Қазақстандықтар не үшін несие алады?

Ең жиі аталған себептер:

  • тұрмыстық техника сатып алу – 24,2%;

  • тұрғын үйді жөндеу немесе салу – 18,9%;

  • жалақыға дейін ақша жетпеуі – 17,4%.

  • автокөлік сатып алуға – 13,7%;

  • басқа несиені жабуға – 9,4%;

  • емделуге – 8,2%;

  • бизнесті дамытуға – 7,8%;

  • отбасылық ірі шараларға – 6,7%;

  • білім алуға – 6,6%;

  • саяхат пен демалысқа – 3,4% рәсімделген.

Қаржылық жағдайына сенімділер көп

Қарыз жүктемесінің жоғары болуына қарамастан, респонденттердің басым бөлігі алдағы бір жылдағы қаржылық жағдайына сенімді.

  • 39,1% өз қаржылық тұрақтылығына толық сенімді;

  • 24,2% көбіне сенімді;

  • 16,2% көбіне сенімсіз;

  • 13,9% мүлде сенімсіз;

  • 6,6% нақты жауап бермеген.

Қаржылық сауаттылыққа берілген баға

Сауалнамаға қатысқандардың 48,3%-ы өздерінің қаржылық сауаттылығын жақсы деп бағалаған. Оның ішінде 24,5%-ы деңгейін өте жақсы, ал 23,8%-ы жақсы деп есептейді.

36,8% өз білімін орташа деңгейде деп бағаласа, 12,7%-ы қаржылық сауаттылығы төмен екенін айтқан.

Несие талаптарын қатаңдатуды көпшілік қолдайды

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап тұтынушылық несие беру талаптарын қатаңдатуды респонденттердің 52,5%-ы қолдайды. Оның ішінде 31,1%-ы толық қолдаса, 21,4%-ы көбіне қолдайды.

Ал 13,8%-ы мұндай өзгерістерді қолдамайтынын айтса, 23,7%-ы мүлде қарсы. Тағы 10%-ы нақты жауап бермеген.

Қорытынды

Demoscope зерттеуі Қазақстанда несие жүктемесінің әлі де өзекті мәселе болып отырғанын көрсетті. Ел тұрғындарының басым бөлігінің несиесі бар, ал олардың едәуір бөлігі табысының жартысынан көбін қарызын өтеуге жұмсайды. Соған қарамастан, көпшілік өз қаржылық жағдайына сенім білдіреді және несие беру талаптарын қатаңдату халықтың қарыз жүктемесін азайтуға көмектеседі деп есептейді.