Парламентте бүгін ұсынылған жаңа регламент жобасында Құрылтай депутаттарының премьер-министрдің есебін талқылауына және оған сұрақ қоюына қойылған.
Жобаға сәйкес, премьер-министр Үкіметтің атқарған жұмысы мен қабылдаған маңызды шешімдері туралы депутаттарға баяндама жасайды. Алайда баяндаманы тыңдағаннан кейін депутаттар оны талқылай алмайды және Премьер-министрге сұрақ қоя алмайды.
Парламент тек баяндаманы назарға алу туралы қаулы қабылдайды.
Депутаттардың Үкімет мүшелерінен олардың қызметінің нақты бағыттары бойынша есеп талап ету құқығы сақталады.
Министрдің есебін Парламент отырысында талқылауға шығару үшін депутаттардың кемінде үштен бірінің бастамасы қажет.
Бұл үшін депутаттар Құрылтай төрағасының атына жазбаша өтініш береді. Құжатта бастаманы қолдайтын депутаттардың деректері мен талқылануы тиіс мәселе көрсетіледі.
Осыдан кейін министрдің есебін Парламент отырысында қарау мәселесі күн тәртібіне шығарылады.