Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы тамызда шетел валютадағы депозиттердің азаюы есебінен 1,5%, 50,2 трлн теңгеге дейін азайды (2026 жылдың басынан бері 4,5% өсті).
Заңды тұлғалардың депозиттері 3,9%, 21,6 трлн теңгеге дейін азайды, жеке тұлғалардың депозиттері 0,1%, 28,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер өткен аймен салыстырғанда 0,5%, 41,0 трлн теңгеге дейін азайды. Шетел валютасындағы депозиттер теңгенің АҚШ долларына қатысты 2,4% нығаюы аясында қайта бағалау нәтижесінде бір айда 5,6%, 9,2 трлн теңгеге дейін азайды.