Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 2025 жылғы қыркүйекте негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 3,6%, 34,5 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 1,5%, 43,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Шетел валютасындағы депозиттер қаржы құралдарын иелену мақсатында, соның ішінде заңды тұлғалардың қаражат алуы нәтижесінде 5,6%, 9 трлн теңгеге дейін қысқарды. Нәтижесінде 2025 жылғы 1 қазанда долларландыру деңгейі 20,6% болды (01.01.2025 ж. – 22,5%).
Заңды тұлғалардың депозиттері негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 6,4%, 14,5 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 2025 жылғы қыркүйекте 1,7%, 19 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ұлттық валютадағы депозиттердің 1,6%, 20 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты жеке тұлғалардың депозиттері 1,4%, 24,5 трлн теңгеге дейін өсті.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы қыркүйекте 15,4% болды (01.01.2025 ж. – 14%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 14,4% (01.01.2025 ж. – 13,2%).