ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы импорттаушы және экспорттаушы кәсіпкерлер үшін оқу бағдарламасын іске қосады.
Мәселен, бір компания шетелдік жеткізушімен алғашқы келісімшартқа қол қоймақшы делік. Жаңа мүмкіндіктер пайда болды, бірақ онымен бірге жаңа мәселелер де туындайды. Енді келісімшарттың есеп нөмірін қайдан алу керек? Тек онлайнда хат алмасып жүрген серіктесіңізді қалай тексеруге болады? Аударым жасау үшін банкке қандай құжат өткізесіз? Ал валюталық бақылау кезінде төлем кешігіп жатса не істейміз?
Шетелдік нарықпен жұмыс істейтін қазақстандық бизнес үшін бұл мәселелер таңсық емес. Кәсіпкерлер әр мәмілеге қол қоятын кезде валюталық заңнаманың талаптарын, келісімшарттарды және халықаралық есептеудің ерекшелігі болатынын ескеріп жүруі тиіс. Ал құжатта бір қате шықса, төлем кешігіп, бизнес иесі қосымша шығындалып, тіпті айыппұлға да ілінуі мүмкін.
Осындай жағдайдың алдын алып, шетел нарығымен еш алаңсыз жұмыс істеу үшін ЦентрКредит Банкі СЭҚ Academy (сыртқы экономикалық қызмет Academy – ред.) атты жобаны бастады. Бұл – практикалық вебинарлардан тұратын, бизнеске арналған білім беру жобасы.
Клиенттерге банк сарапшыларының тәжірибесін үлгі етеді
СЭҚ Academy-да күн сайын валюталық операциямен жұмыс істеп үйренген, клиентіне валюталық бақылау, халықаралық есептеу кезінде көмектесіп жүрген банк мамандары білім береді. Вебинарда олар жүйенің талаптары мен процедураларын толық түсіндіріп, ең көп таралатын қателіктерге талдау жасайды. Қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Бұл форматтың басты ерекшелігі не? Оның құндылығы – алған білімді бірден күнделікті бизнес процесс кезінде қолдануға болады. Кәсіпкер келісімге қол қойғанға дейін қажет болатын құжаттарды алдын ала дайындап, төлем жібермес бұрын неге назар аудару керек екенін түсінеді.
Вебинарға қатысу банк клиенттері үшін тегін. Бұл кәсіпкерлерге білім көкжиегін кеңейтіп, шетелдік серіктестермен жұмыс кезінде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Практикумда не үйретеді?
СЭҚ Academy жобасы мәміле жасалған сәттен бастап, халықаралық есеп айырысу кезінде туындайтын мәселелерді шешуге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.
Практикум тақырыптары бизнестің сыртқы экономикалық қызметтегі күнделікті жұмыстарына арналған. Мысалы, контрагентті тексеру, келісімшарттарды тіркеу, валюталық бақылау және халықаралық ақша аударымдары сияқты мәселелер қарастырылады. Бизнесті дамытуға көмектесетін құралдар туралы да айтылады. Қатысушылар аккредитив пен факторингті қалай қолдануға болатынын, валюта айырбастауды және хеджирлеу арқылы валюталық тәуекелдерді қалай басқаруға болатынын үйренеді.
Вебинарлардың кестесі алдын ала жарияланады. Сондықтан кәсіпкерлер вебинарға өздері ғана емес, бухгалтерлерін, заңгерлерін және сыртқы экономикалық қызмет мамандарын да қатыстыра алады. Кездесулердің жазбасы сақталады. Бұл маңызды тақырыптарды кейін қайта қарап, қажет ақпаратты тағы бір пысықтауға мүмкіндік береді.
Қатысушылар вебинар барысында сұрақ қойып, келесі практикумдарға жаңа тақырыптар да ұсына алады. Яғни бағдарлама бизнестің нақты қажеттілігіне қарай қалыптасады.
Қауымдастыққа қалай қосылуға болады?
СЭҚ Academy – банк сарапшылары мен кәсіпкерлер бетпе-бет кездесіп, өзара тәжірибе алмасатын алаң. Олар практикалық мәселелерді талқылай отырып халықаралық есеп айырысу тәртібін түсінеді. Кәсіптегі өз проблемасын шешудің тиімді жолдарын табуға тырысады.
ЦентрКредит Банкі клиенттері банктің әлеуметтік желідегі парақшаларына жазылып, вебинарлар анонсын бақылай алады. Сол жерде қызықтырған кездесуге бірден жазылуға болады. Ал банкпен серіктестік орнатуды жоспарлап жүрген кәсіпкерлер есепшот ашу және жобаға қатысу талабы туралы СЭҚ Academy-дан біле алады
Жоба және алдағы вебинарлар туралы толығырақ мына сілтемеден көріңіз.
ҚНРДА 05.08.2026 жылы берген №1.1.856.145 әмбебап банк лицензиясы.