Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылы Қазақстанда тіркелген шетелдік меншік нысанындағы заңды тұлғалар мен филиалдардың саны 8% өсіп, 64 мыңға жетті. Бұл өсім негізінен Қытай меншік иелері бар компаниялар есебінен болды – олардың саны бірден 56% артып, 8,4 мыңды құрады.
Бір жыл ішінде шетелдік құрылтайшылары бар заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының және шетелдік компаниялар филиалдарының саны 4,7 мыңға көбейіп, 64 мыңға жетті. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған шетелдік компаниялардың саны да 2,8 мыңға артып, 48 мыңға жетті.
Қай елдің бизнесі келді?
Елімізде бизнесі ең белсенді деп танылған елдердің ішінде жылдық өсім бойынша мына мемлекеттер көш бастап тұр:
- Қытай – +3 мың (56%), барлығы 8,4 мың;
- Өзбекстан – +2,6 мың (43,6%), барлығы 8,5 мың;
- Әзербайжан – +93 (6%), барлығы 1,6 мың;
- Германия – +16 (1,7%), барлығы 957.
Сонымен қатар кейбір елдердің бизнесі немесе азаматтарының қатысуымен ашылған компаниялар саны, керісінше, айтарлықтай азайған:
- Ресей – 460 компанияға азайған (-2%), барлығы 22,8 мың;
- Қырғызстан – 310 компанияға аз (-10%), барлығы 2,8 мың;
- Түркия – 216 компанияға аз (-4%), барлығы 5 мың.
Қытай компаниялары қай салаларда көп?
Қытай капиталының қатысуы бар бизнес жаңадан тіркелген заңды тұлғалар саны бойынша да (3 мыңға артты), жұмыс істеп тұрған компаниялар саны бойынша да (2,9 мыңға артып, 6,7 мыңға жетті) айтарлықтай өсім көрсетті.
Қытай компаниялары қызметінің негізгі бағыттарына келетін болсақ, ең үлкен өсім мына салаларда байқалды:
- Көтерме және бөлшек сауда – бір жылда 1,3 мыңға артып, 4 мыңға жетті;
- Әртүрлі қызмет көрсету түрлері – 322-ге артып, 1 мыңға жетті;
- Өңдеу өнеркәсібі – +283, барлығы 658;
Құрылыс – +270, барлығы 674.