Енді кәсіпкерлердің қаражат алу және өз бизнесін кеңейту үшін одан да көп мүмкіндіктері пайда болды.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Freedom Bank арасында жасалған портфельдік кепілдік беру туралы келісім бизнеске инвестициялық мақсаттарға 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатын толықтыруға 3,5 млрд теңгеге дейін алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте мақұлданған соманың 85%-на дейін (3,5 млрд теңгеге дейін) «Даму» қоры кепілдік береді.
«Даму» қорымен жасалған келісім бизнеске даму үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Біздің банк экономиканың көптеген салаларын қамтыған осы жобаның қатысушысы болғанына қуаныштымыз. Басымдықтардың қатарына ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, білім беру және т.б. жатады. Қаржыландыруды ұсыну бизнеске айналымды ұлғайтуға және инновацияларды енгізуге ғана емес, сонымен қатар өңірлерде қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», — дейді Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.
Кепілдік алу үшін кәсіпкерлер жақын маңдағы Freedom Bank бөлімшесіне жүгінуі қажет. Кепілдік мерзімі кредиттің барлық кезеңіне беріледі, бұл ретте қарыздың нысаналы мақсаты да қайта қаржыландыру болуы мүмкін.
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ — жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын Қазақстанның инновациялық Банкі. Банк ипотекалық кредит, автокредит және бизнес кредиттерін алуды цифрландырды. Қазақстанның ірі қалаларында 16 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. Банк қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, бағалы қағаздармен сауданы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын Freedom Holding Corp. холдингінің бөлігі. Бүгінгі күні Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында саудаланады.
25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы