Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 2025 жылғы тамызда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 1%, 33,3 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 1%, 42,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Шетел валютасындағы депозиттер 0,8%, 9,5 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2025 жылғы 1 қыркүйектегі долларландыру деңгейі 22,2% болды (01.01.2025 ж. – 22,5%).

Заңды тұлғалардың депозиттері негізінен шетел валютасындағы депозиттердің 2,1%, 5,1 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 2025 жылғы тамызда 0,8%, 18,7 трлн теңгеге дейін артты.

Ұлттық валютадағы депозиттердің 1,5%, 19,7 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты жеке тұлғалардың депозиттері 1,1%, 24,1 трлн теңгеге дейін көбейді.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы тамызда 15,4% болды (01.01.2025 ж. – 14,0%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша — 14,3% (01.01.2025 ж. – 13,2%).