Бизнеске бюджеттен ақша құю үдеп барады

Бизнеске бюджеттен ақша құю үдеп барады

2025 жылғы қаңтар–тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11 543,1 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3 % өскен.

Инвестицияның басты көзі кәсіпорындардың өз қаражаты – 7 320,3 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 63,4%. Бюджет қаражаты 23% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42,6% артқан. Банктердің қаржыландыру үлесі – 3,5%.

Инвестиция өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші Ақмола облысында (49,3%), Актөбе облысында (38,7%), Астана қаласында (35,8%), Жамбыл облысында (32,4%) және Алматы қаласында (26,1%) байқалды.

Қаражаттың басым бөлігі ғимараттар мен құрылыстардың салынуына және күрделі жөндеуіне бағытталды – 68,3%. Машиналар, жабдықтар және көлік құралдарын алуға жалпы шығынның 27,2% жұмсалған.

Салалар бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияның ең көп үлесі өнеркәсіпке (37,3%) тиесілі (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру – 15,7%, өңдеу өнеркәсібі – 11%), одан бөлек жылжымайтын мүлік операциялары (19,4%), көлік және қойма (18%), білім беру саласы (7,3%) да айтарлықтай үлеске ие.