2025 жылдың қыркүйегінде бизнестің валюталық несиелеу көлемі бір айда бірден 4,8% немесе 238,9 млрд теңгеге өсті. Бұл туралы Ұлттық банк статистикасында көрсетілген.

Бизнеске берілген теңгелік несиелер де артты — 1,8% немесе 213,9 млрд теңгеге көбейді.

Халықтың несие портфелі бір айда 1,3% (+315,5 млрд теңге) өсіп, 24 трлн теңгеге жетті.

Өсімнің негізгі драйвері – тұтынушылық несиелер: олар 1,5% немесе 234,9 млрд теңгеге ұлғайып, халықтың жалпы несие портфелінің 67,5%-ын (16,2 трлн теңге) құрады.

Ипотекалық несиелер айлық өсім көрсеткішінде сәл ғана ілгеріледі — 1,3% немесе 88,1 млрд теңгеге артты.