Шілдеде бизнес несиесін жаба бастады

Бизнес субъектілеріне несие портфелі 2026 жылғы шілдеде теңгенің нығаюы аясында ірі мерзімінен бұрын өтеу және валюталық кредиттерді бағамдық қайта бағалау салдарынан негізінен ірі бизнеске қарыздар портфелінің 1,6%, 4,9 трлн теңгеге дейін төмендеуі (2026 жылдың басынан бері 10,3% төмендеген) және ШОБ субъектілеріне қарыздар портфелінің 1,0%, 7,7 трлн теңгеге дейін төмендеуі (2026 жылдың басынан бастап 12,9% өсім) есебінен 0,7%, 16,0 трлн теңгеге дейін азайды (2026 жылдың басынан бері 3,5% өсім). Өз кезегінде 2026 жылғы шілдеде ЖК қарыздар портфелі 1,1%, 3,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 7,5% өсім).

2026 жылғы шілдеде қарыздар портфелінде экономиканың негізгі салаларында көп бағытты серпін байқалады. Мәселен, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ өнеркәсіп салаларында тиісінше 0,5%, 1,5% және 2,2% төмендеу тіркелді. Бұл ретте ауыл шаруашылығында кредиттер портфелі 0,3%, 513 млрд теңгеге дейін, құрылыста – 0,8%, 899 млрд теңгеге дейін, көлік саласында – 2,7%, 1,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

2026 жылғы шілдеде бизнес субъектілеріне 2,1 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілді, бұл негізінен ірі бизнес субъектілеріне жаңа қарыздар беруді 40,8% ұлғайту нәтижесінде 2025 жылғы шілдемен салыстырғанда 23,6% артық.