Халықаралық жалпы резервтер осы жылдың қараша айының соңында 125,7 млрд долларды құрап, жыл басынан бері 20,1% өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Ол Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 35,5% ұлғайып, 62,1 млрд доллар, Ұлттық қордың активтері 8,1% ұлғайып, 63,6 млрд доллар болғанын атап өтті.
«Қорға түсетін қаражат жыл басынан бері 3,6 трлн теңгені, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттер көлемі 4,9 трлн теңгені құрады. Осы жылдың 11 айында Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 13,7%-ды немесе 8,2 млрд долларды құрады», — деді Тимур Сүлейменов.