2025 жылы қазақстандық қор нарығында үш ірі компанияның — ҚТЖ, QazaqGaz және Самұрық-Энерго IPO-сы күтілуде, деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.

«Осы жылы тағы үш ірі IPO өткізу жоспарлануда. Бұл ҚТЖ, QazaqGaz және Самұрық-Энерго. Сонымен қатар, компаниялардың акцияларға шығуын ынталандыру мақсатында мемлекеттік көмектің түрлі тетіктері, оның ішінде ішкі нарықта орналастырылған бағалы қағаздардың үлесін 25%-дан 50%-ға дейін арттыру қарастырылуда», — деді Хаджиева.

Үш компания да 2025 жылға дейінгі жекешелендіру жоспарына енгізілген. Жоспар бойынша ҚТЖ үшін 2025 жылы, QazaqGaz үшін 2024-2025 жылдары, ал Самұрық-Энерго тіпті 2023-2024 жылдары IPO-ға шығуы тиіс еді.