2025 жылы Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі шамамен 23,5 трлн теңгеге жетіп, нақты өсім 16,7% құрады.
Ал 2026 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға 13,5 трлн теңгеден астам инвестиция салынды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,1% жоғары.
Бұл ретте инвестиция құрылымында бюджет қаражатының үлесі төмендеп келеді. 2024 жылы мемлекеттік бюджет үлесі 21,6% болса, 2025 жылы 21,5%-ды құрады. 2026 жылғы қаңтар-тамызда бұл көрсеткіш 14%-ға дейін төмендеді.
Қалған 86% инвестиция бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылды. Оның 66,7%-ы кәсіпорындардың меншікті қаражаты, 5,6%-ы банк несиелері және 13,7%-ы өзге қарыз қаражаты.
2026 жылғы қаңтар-тамызда энергетика саласына салынған инвестиция 49,3%, ақпарат және байланыста 45,3% өсті, өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестицияның нақты өсімі 39,9% болса, ауыл шаруашылығына 17,6% өсті.