Биыл медиақұрылтайда саладағы заңнама және технология өзгерістері талқыланады

Биыл медиақұрылтайда саладағы заңнама және технология өзгерістері талқыланады

Биыл MediaҚұрылтай «Медиа нарық: тәуекел аймағы ма, әлде мүмкіндіктер кеңістігі ме?» тақырыбында Алматы қаласында ұйымдастырылады. Конференция осымен 17-рет медиа индустрияның жетекші өкілдерін, қазақстандық және халықаралық сарапшыларды, сондай-ақ қоғамдық пікір көшбасшыларын бір алаңда жинайды.

MediaҚұрылтай-2025 қатысушылары жаһандық және жергілікті медианарықтағы заңнамалық, қаржылық және технологиялық өзгерістерге байланысты қалыптасып отырған негізгі трендтер мен сын-қатерлерді, сондай-ақ осы өзгерістерге жауап ретінде медиа стратегиялардың қалай трансформацияланып жатқанын талқылайды. Тақырыптық сессиялар барысында қоғамдық назар саясаты, кибершабуылдар мен бұғаттаулар жағдайындағы журналистер мен БАҚ-тың цифрлық қауіпсіздігі, медиа саласының дамуына жасанды интеллекттің әсері, бизнес-басылымдар мысалындағы салалық медианың монетизациясы және басқа да өзекті мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар қатысушыларды инклюзивті журналистика бойынша мастер-класс және дәстүрге айналған Михаил Дорофеев атындағы тәуелсіз медиасыйлығын тапсыру рәсімі күтеді.

Конференцияның ұйымдастырушысы — дәстүр бойынша «Қазақстан Баспасөз-клубы» Ақпараттық орталығы.

«MediaҚұрылтай көп жылдан бері Қазақстандағы медиа саласының болашағына қатысты кәсіби диалогтың басты алаңы болып келеді. Қазіргі таңда индустрия ауқымды технологиялық және экономикалық трансформациялар кезеңінен өтіп жатқандықтан, тұрақты даму модельдерін бірлесе іздеу үшін сарапшыларды, журналистерді, бизнес пен мемлекет өкілдерін біріктіру ерекше маңызды. MediaҚұрылтай-2025 шеңберіндегі пікірталастар медиа саласына жаңа бағдарлар айқындап, кәсіби қауымдастықты нығайтады деп сенеміз. 27 қарашада әріптестермен жүздесіп, ашық пікір алмасуды асыға күтеміз!», – деді Қазақстан Баспасөз-клубының президенті Әсел Қарауылова.

MediaҚұрылтай-2025-тің ресми серіктесі — «Шеврон Мунайгаз Инк.» компаниясы. Конференцияны сонымен қатар келесі компаниялар қолдады: KAZ Minerals Management, Astana Motors, Kusto Group, Kcell, Geely Kazakhstan, AlmaU Медиа және кино мектебі, Internews Network ұйымының Қазақстандағы өкілдігі, сондай-ақ М. Дорофеев атындағы сыйлықтың демеушісі болған Еуразиялық банк. Конференцияға ақпараттық қолдау көрсететін БАҚ: Naryk.kz, Stan.kz, Nur.kz және National Business.