Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстары кезінде бөлінетін суды бақылауды тапсырды. Бұған елдің бірқатар өңірлерінде су тапшылығы қаупінің артуы себеп болған.
«Су тапшылығы болады. Біз мұны қазірдің өзінде көріп отырмыз. Сондықтан әр өңірге бекітілген лимитті қатаң бақылау қажет. Министрліктің рұқсатынсыз бір тамшы су да бөлінбеуі керек» — деді Бектенов.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, елдің бірнеше дәнді дақылдар өсіретін өңірлерінде жауын-шашын тапшылығы және топырақтың тез кебу қаупі күтілуде. Атап айтқанда, Ұлытау және Ақтөбе облыстары, Қостанай облысының оңтүстік жартысы, Түркістан облысының солтүстік бөлігі және Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын аз жаууы ықтимал. Ал шығыс өңірлерде жауын-шашын көп болса, солтүстік және орталық өңірлерде қалыпты болады.