Қазақстанның Автокөлік Одағы дерегінше, 2026 жылғы шілдеде ресми дилерлер 21 371 жеңіл және коммерциялық автокөлік сатқан, бұл былтырғы шілдедегі нәтижеден (20 179) 5,9% көп. Қаңтар-шілде қорытындысы бойынша 127 260 жаңа автокөлік өтіп, 2025 жылғы ұқсас кезеңдегіден 1,7%(125 132) асты.
2026 жылғы шілдеде Hyundai дилерлері 3 712 автокөлік сатып, былтырғы шілдедегі нәтижесін қайталады (+0,4%). Екінші орынға 2 855 автокөлік нәтижесімен Chevrolet жайғасты (-29,5%). Үшінші орында Kia тұр, оның саудасы 14,8% өсіп, 2 492 автокөлікке жеткен. Changan-ның көрсеткіші Kia-ға жақын – 2 456 автокөлік. Бренд саудасы былтырғы шілдемен салыстырғанда бірден 171,7% өскен. Алғашқы бестікті Chery түйіндеді, марка 1 543 автокөлік сатып, былтырғыдан 35,6% жоғары нәтиже көрсетті. Сонымен қатар алғашқы ондыққа Jetour (1 129; -14,5%), Toyota (1 019; +8,1%), JAC (994; -10,5%), Geely (868; +73,3%) және Haval (864; -16,6%) кірді.
Модельдер арасында шілдеде Chevrolet Cobalt көш басына шықты – 2 682 автокөлік. Екінші орынды Hyundai Tucson (1 851 бірл.) алды, 1 070 автокөлік сатылған Changan CS35 MAX алғаш рет ең көп өткен үш модель қатарына енді. Бұдан бөлек, айдың жаңалығы Kia Cerato-ның ең танымал автокөліктер арасына қосылуы болды. Шілдеде дилерлер 1 031 автокөлік сатты, бұл модельдің бірден төртінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Үздік бестікті Kia Sportage түйіндеді – 820 автокөлік.
Жеті ай қорытындысы бойынша 20 959 автокөлік нәтижесімен Hyundai бірінші орын алды (-24,7%). Chevrolet екінші – 20 441 автокөлік, бұл 2025 қаңтар-шілдемен салыстырғанда +17,8% жоғары көрсеткіш. Үшінші орында Kia – 14 824 автокөлік (+9,9%). Төртінші сатыға саудасын екі есе ұлғайтып, 11 927 автокөлікке дейін жеткізген Changan көтерілді (+101,8%). Көшбасшылар бестігін Chery түйіндеді – 9 686 автокөлік (+14,6%). Содан кейін тізімде Haval (7 590; +11,2%), Jetour (6 903; -19,4%), JAC (5 739; -1,7%), Toyota (5 016; -8,8%) және Geely (3 794; -34,3%) тұр.
