«Қазақстанның Автокөлік Одағы» дерегінше, 2025 жылғы қарашада Қазақстанда 25 804 жеңіл автокөлік пен коммерциялық техника сатылды. Бұл өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 22,7% жоғары. Айлық сатылым бойынша бұл — рекорд, ал 2025 жыл Қазақстандағы ресми авторитейл тарихындағы ең нәтижелі жыл болмақ. Жыл басынан бері 11 айда отандық дилерлер 207 616 жаңа автокөлік өткізді (+15,6%).

Қарашада ең көп сатылған маркалар рейтингінде орын алмасты: Chevrolet 7 777 автокөлікпен (өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда +76%) көш бастап, Hyundai нәтижесін (5 261; +37,9%) басып озды. Kia дилерлері 1 990 автокөлік сатты (+23,1%), Jetour — 1 326 (+43,7%). Бесінші орында Toyota (1 252; +3,4%). Алтыншы — Chery (1 123; -25,9%), жетінші — Haval (1 091; -24,9%). Үздік ондықты Changan (1 006; +4,1%), Geely (828; -15,3%) және Jac (597; -43,5%) толықтырды.

Қараша айындағы ең танымал модельдер: Chevrolet Cobalt (7 105), Hyundai Tucson (1 945) және Kia Sportage (1 320). Төртінші орында — Hyundai Mufasa (1 019). Одан кейін: Hyundai Elantra (907), Haval M6 (641), Hyundai Santa Fe (614), Chevrolet Onix (609), Changan CS55 Plus (498) және Hyundai Sonata (487). Үздік ондыққа енген барлық модель Қазақстанда өндірілген.

Он бір ай қорытындысы бойынша брендтер арасында Hyundai көш бастап тұр (45 220; +19,3%). Екінші орында — Chevrolet (33 486; +26,5%), үштікті Kia түйіндеді (21 481; +1,9%). Jetour төртінші орында (13 012 кроссовер; +55,6%). Бесінші — Chery (12 518; -7%), алтыншы — Haval (10 424; +7,8%). Одан кейінгі орындарда: Changan (10 131; +31,6%), Toyota (10 075; +2,9%), Geely (9 020; +24,6%) және Jac (8 787; -13,4%).