«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралған Сенат отырысында қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы бюджеттің негізгі параметрлері туралы баяндады.

Ол республикалық бюджет әлеуметтік салаға бағдарланған күйінде қалып отырғанын айтты. Алайда, осы саладағы шығындардың тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар құрылымдық реформа жүргізілді: адами факторды барынша азайту мақсатында төлемдерді тағайындау цифрлық тетіктерге көшірілді; медициналық көмектің жекелеген түрлері тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакетінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне ауыстырылды; мәдениет нысандарын кірістерін арттыру жолымен өзін-өзі қаржыландыруға ішінара ауыстыру жоспарланып отыр.

Осылайша, 2026 жылы әлеуметтік салаға 10,8 трлн теңге бағытталатын болады, оның ішінде 6,8 трлн теңге – әлеуметтік төлемдер және 4 трлн теңге – адами капиталға арналған инвестициялар.

2026 жылы нақты секторды дамытуға 3,6 трлн теңге бөлінді, оның ішінде: 1,2 трлн теңге инфрақұрылымға және базалық салаларға; 1,6 трлн теңге өндірістік бағытқа және аграрлық секторға; 754 млрд теңге бизнесті қолдауға және табиғатты қорғауға жұмсалады.

Айта кетсек, бюджеттің 2026 жылғы жалпы шығыны 27,7 трлн теңгені құрайды.