2025 жылдың қаңтар–тамызында туризмді дамытуға мемлекеттік бюджеттен 8,4 млрд теңге жұмсалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 43% көп. Екі жыл қатарынан шығын екі таңбалы өсім көрсетіп отыр: 2023 жылы да сегіз айдың қорытындысы бойынша +30% болған.
Негізгі бағыт – туристік қызметті реттеу
Туризмге бөлінген қаржының басым бөлігі (шамамен үштен екісі) туристік қызметті реттеуге жұмсалады. 2025 жылғы сегіз айдың көрсеткіші – 5,4 млрд теңге. Бұл былтырғыдан 40% артық.
Алайда қаржы нақты қайда бағытталатыны толық ашылмаған. Қаржы министрлігі есебінде нақтылық жоқ, бірақ ресми деректер мен БАҚ материалдарына сүйенсек, қаражат көрмелерге, фестивальдерге, пресс-турларға, жарнамаға, гидтерді оқытуға және инфрақұрылымдық жобаларға кетуі мүмкін.
Өңірлік бөлініс
Туризмге бөлінген қаржының едәуір бөлігі Алматы мен Астана үлесіне тиесілі: Алматы – 2,1 млрд теңге (+42% ж/ж), Астана – 2 млрд теңге (+17% ж/ж).
Басқа шығындар
Жергілікті атқарушы органдардың туризмді дамытуға арналған шығындары – 1 млрд теңге (+72%). Бұған мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы, әкімшілік ғимараттарды ұстау, коммуналдық төлемдер кіреді.
Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыруға – 0,9 млрд теңге (+49%). Мұнда халықаралық форумдар мен көрмелерді өткізу, шетелде роуд-шоулар мен маркетингтік науқандар қамтылуы ықтимал.
Туристік саладағы кәсіпкерлер шығындарын өтеуге – 0,7 млрд теңге (+28%).
Щучинск–Бурабай аймағының туристік имиджіне – 0,4 млрд теңге (+44%).
Жалпы алғанда туризмге бағытталған шығындар айтарлықтай өссе де, мемлекеттік бюджет құрылымындағы үлесі өте төмен – 0,04% ғана (2024 жылы – 0,03%).