Бірқатар салықтар ауыл бюджетіне беріліп, ауыл әкімінің құзіреті кеңейеді

Бірқатар салықтар ауыл бюджетіне беріліп, ауыл әкімінің құзіреті кеңейеді

Қолданыстағы жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы мына көрсеткіштер жүзеге асырылды:

  • Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу және облыстардағы аудан әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу;
  • Сайлау әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай кезең-кезеңімен өткізіледі. 2021 жылдың шілдесі мен 2024 жылдың наурызы аралығында ауылдық округтерде 2 069 әкім сайланды.

Пилоттық режимде 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау өтті.

  • Бюджеттің IV деңгей кірістері базасын кеңейту.
  • Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ауылдық округтердің дербестігі үшін бюджеттің IV деңгейіне салықтар мен төлемдердің 25 түрі, оның ішінде 8 салық және 17 салықтық емес төлемдер берілді.

Оның ішінде, 2022 жылы бюджеттің төртінші деңгейіне 4 төлем бойынша түсімдер берілді, 2022-2023 жж. қорытындысы бойынша олардың түсімдері 15,9 млрд теңгені құрады.

Қазіргі уақытта заңнамалық базаны өзгерту бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде келесі толықтыруларды енгізу көзделеді:

  • ауыл әкімі мен аппаратының өкілеттіктерін кеңейту;
  • салықтар мен төлемдердің қосымша түрлерін бюджеттің IV деңгейіне ауыстыру; 
  • мәслихат өкiлеттiгiн кеңейту;
  • мәслихат төрағасының өкілеттіктерін шектеу және мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін шектеу; 
  • ауыл әкімінің еңбекақы төлеудің кесімді жүйесі бойынша еңбек келісімшартымен тұрғындарды жұмысқа алу мүмкіндігі.