Қазақстандықтар енді бір уақытта бірнеше несие рәсімдей алмайды. Мәжіліс «Банктер және банк қызметі туралы» заң жобасын және оған ілеспе қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Бір жеке тұлғаның бір сағат ішінде бірнеше банкке немесе микроқаржы ұйымына бір мезетте несие рәсімдеуіне шектеу енгізіледі. Сонымен қатар несие бюролары Антифрод орталығының қатысушылары қатарына қосылады және жеке тұлға бір сағат ішінде екі және одан да көп банкке несие өтінімін берген жағдайда, бұл ақпаратты алаяқтық белгілерін анықтауға жібереді. Алғашқы биометриялық растау және ЭЦҚ шығару тек клиенттің жеке қатысуымен жүргізіледі.

Тағы не өзгереді?

Банктер үшін екі түрлі лицензия енгізіледі — базалық және әмбебап.

Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын күшейтуге бағытталған мінез-құлықтық қадағалау механизмі енгізіледі.

Бірыңғай қаржылық омбудсмен институтын құру көзделеді.

Қазақстанда банкаралық мобильді төлемдер жүйесі және бірыңғай QR-код іске қосылады.